Select Page

2026 жылғы 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай AI DIALOGUE 2026 халықаралық онлайн телемосты өтеді.

Іс-шараны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Инженерия факультеті мен ALT University Технология мектебі ұйымдастырады.

Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстан университеттерінің өкілдері жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін, этикалық мәселелері мен тәуекелдерін талқылайды. Кездесу ашық пікірталас, тәжірибе алмасу және сұрақ-жауап форматында өтеді.

Іс-шара БҰҰ-ның «Сапалы білім», «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым», «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсаттарын қолдауға бағытталған.

Басталуы: Қазақстан уақытымен 15:00.
Платформа: Zoom.
Конференция идентификаторы: 535 084 4166.

Студенттерді, магистранттарды, оқытушылар мен IT мамандарын қатысуға шақырамыз!

Автор: Өмірбекова З. М.

Skip to content
Приемная комиссия