Select Page

ALT технопаркі – бұл жоғары технологиялық стартаптар мен компанияларды қолдау мен дамытудың тиімді жүйесі бар кешен.

ALT технопаркінің басты міндеті инновациялық компанияларды бірінші кезекте көлік-коммуникация кешенін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.

Артықшылықтары мен мүмкіндіктері.

Біз компаниялардың қосымша міндеттерге алаңдамай, қызметтің негізгі мәселелерімен айналысуы үшін барлық қажетті жағдайларды ұсынамыз.

Компания өкілдері кез келген уақытта біздің қызметтеріміздің кең спектрін пайдалана алады.

Экожүйе:

  • ғалымдар мен сарапшылар;
  • кәсіпкерлер мен инвесторлар;
  • тәлімгерлер;
  • техникалық мамандар және білікті менеджерлер.

Қаржыландыру:

  • венчурлық қорлар және іскер періштелер;
  • қаржыландыруға қол жеткізу;
  • нарыққа шығару;
  • инвесторларды іздеу.

Іс-шаралар:

  • семинарлар мен шеберлік сыныптары;
  • ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер;
  • көрмелер мен байқаулар;
  • хакатондар, маркетондар, макатондар.

Бизнес қызметтері:

  • патенттік ізденістер мен зерттеулер;
  • тауар таңбаларын тіркеу және т. б.

Алаңдар:

  • кеңсе бөлмелері;
  • зертханалық орындар;
  • коворкинг.

Технопарк – өз идеяларын жүзеге асырғысы келетіндерге арналған орын!!!

Біздің серіктестер:

  1. Корпоративтік R & D орталықтары;
  2. Сервистік компаниялар;
  3. Стартап-компаниялар;
  4. Әзірлеуші компаниялар;
  5. Ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ);
  6. Жоғары технологиялық компаниялар.

Егер сіз инновациялық бизнеспен айналыссаңыз және одан әрі дамуға бағытталған болсаңыз?

Сізде ғылыми, академиялық немесе техникалық қолдауды қажет ететін қызықты идеялар немесе жобалар бар ма?

Технопарк әрқашан да өнертапқыштар, мамандар мен бизнесмендер үшін ашық!

АЛТ технопаркі, 1-қабат, 2101-кабинет
Технопарк директоры Чигамбаев Темірбай Отарбайұлы  t.chigambayev@alt.edu.kz

Приемная комиссия