2026 жылғы 17–19 қараша аралығында ALT Университетінде 25 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық бағдарламалық аккредиттеу өтеді.
Аккредиттеу органы – Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (САААЕ).
Аккредиттеу рәсімі аясында сараптамалық комиссия білім беру бағдарламаларының сапасын, оларды іске асыру жағдайларын және белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалайды.
Халықаралық аккредиттеуден өту – Университетті дамытудағы маңызды кезең. Ол мамандарды даярлау сапасын одан әрі жетілдіруге, білім беру үдерісінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ білім алушылардың, жұмыс берушілердің және академиялық қауымдастықтың сенімін нығайтуға бағытталған.
Автор: Джумағазиева А. Д.


