Select Page

Сіздерді КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ VII ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМҒА қатысуға шақырамыз. Форум 2026 жылғы 1-2 қазанда Алматы қ., «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-да өтеді.

Форумды өткізудің негізгі міндеті – қозғалыс қауіпсіздігі және сандық жүйеге көшіру, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, көлік үдерісіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру жағдайларын болдырмау үшін тасымалдау үдерісі жұмыстарын орындау кезінде ескерту шараларын әзірлеу жөніндегі маңызды мәселелерді талқылау болып табылады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, жақын және алыс шет елдердің ұлттық тасымалдаушылары, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлерінің одағы, көлік қауіпсіздігін және ақпараттық технологияларды қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерін өндірушілері, конструкторлық бюролар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, консалтингтік және жобалау ұйымдары, білім беру мекемелері, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар қатысады деп жоспарлануда.

Форум барысында панельдік сессиялардың жұмысы:

  • Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Теміржол саласын сандық жүйеге түрлендіру;
  • Автомобиль-жол кешеніндегі сандық жүйеге көшіру мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері;
  • Әуе көлігін дамытудың өзекті мәселелері;
  • Су көлігіндегі инновациялық технологиялар және қауіпсіздік;
  • Көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлауды жетілдіру.

Форум аясында көлік-логистика саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Форум туралы толығырақ мәліметтер және оған қатысты мәселелер жақын арада www.alt.edu.kz сайтында жарияланады. Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

Байланыстар:
тел. +7 707 888 1931 (ішкі 1049), +7 727 346 1074 (ішкі 1049)
dni@alt.edu.kz

Сіздің қатысуыңызға шын жүректен қуаныштымыз.

Skip to content
Приемная комиссия