«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ALT University-мен өзара іс-қимыл аясында 2026 жылғы 05 қазанда Университет алаңында студенттермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты — студенттерді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметімен, Компанияның электр желілік кешендегі рөлімен, оның қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ іске асырылып жатқан цифрландыру жобаларымен және энергетикадағы заманауи цифрлық технологияларды қолданумен таныстыру.
Осы тақырыптың жалғасы ретінде цифрлық сауаттылық пен киберқауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын дамытудың және оларды практикада қолданудың заманауи тенденцияларын қозғау жоспарланып отыр.
Іс-шара аясында келесі дәрістерді өткізу жоспарланған:
««Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ны цифрландыру»
Дәріскер: Искаков Алдияр, байланыс жүйелерін және ЭАЕКЖ (АСКУЭ) пайдалану жөніндегі басқарма бастығының орынбасары.
«Цифрлық сауаттылық және киберқауіпсіздік»
Дәріскерлер: Арин Мағжан, диспетчерлік-технологиялық жүйелерді пайдалану жөніндегі басқарма бастығының орынбасары; Төлебаев Асқар, өндірістік технологиялық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.
«Жасанды интеллект: заманның мүмкіндіктері, тәуекелдері мен сын-қатерлері»
Дәріскер: Жаманов Асхат, ДБЖА (АСДУ) пайдалану қызметінің бастығы.
Іс-шараны өткізу студенттерді заманауи электр желілік компанияның практикалық қызметімен, салада іске асырылатын цифрлық шешімдермен, ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерімен және кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
Осы ақпаратты назарға алуыңызды және ALT University алаңында іс-шараны өткізуге ұйымдастырушылық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Құрметпен,
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
Автор: Калимбетов Г. П.


