Курс 2025 жылғы 9–10 қазан күндері Алматы қаласында орналасқан М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінде өтеді.
Курстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының басшыларының цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын білім мен ғылым саласына енгізу саласындағы құзыреттерін дамыту.
Бағдарлама жоғары білім жүйесін жаңғыртудың өзекті бағыттарын талқылауды, жасанды интеллектіні енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеуді және практикалық шешімдер әзірлеуді көздейді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығы, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Astana IT University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Qamalladin University және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.
Бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша сессиялар өтеді:
- Жоғары білім мен ғылым жүйесінде жасанды интеллектіні пайдалану
- Халықаралық тәжірибе және цифрлық технологияларды енгізудің үздік тәжірибелері
- Жасанды интеллектіні қолданудағы этика және қауіпсіздік мәселелері
- Университеттердің цифрлық стратегиялары мен практикалық use-case жобаларын әзірлеу
Курс форматы – презентациялар, панельдік пікірталастар, интерактивті талқылаулар және тәжірибелік сессиялардың үйлесімі.
Курс соңында қатысушылар өз университеттерінің цифрлық даму стратегиясын ұсынатын болады. Барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады.
Толық бағдарлама және қосымша ақпарат университеттің ресми сайтында жарияланады: www.alt.edu.kz