Құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар!
Университеттің Кітапхана-ақпараттық орталығы мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры сіздерді «Дүниежүзілік кітап күні: оқу мәдениетін және авторлық құқықты дамыту» атты кітап көрмесіне қатысуға шақырады!
Бұл шара — оқу мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік меншікті құрметтеу және кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды алаң.
Біз БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 — Сапалы білімді қолдау үшін ұйымдастырылған әлеуметтік бастамаға қосылуға шақырамыз!
Кітап көрмесіне елімізге белгілі баспалар қатысады:
— «Qasym»
— «Марфу»
— «Отбасы хрестоматиясы»
— «Арман-ПВ»
Кітап әлеміне бірге саяхат жасап, рухани байлығымызды арттырайық! Баршаңызды күтеміз!
- Өтетін жері: 2 қабат.
- Уақыты: 10.00-16.00


