🌍 Еуропада оқуды армандайсың ба? Сенің мүмкіндігің келді!
Біз академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін белсенді және мақсатты студенттерді іздейміз. Бұл – Еуропаның жетекші университеттерінің бірінде бір семестр оқуға, халықаралық достар табуға және өз дағдыларыңды дамытуға керемет мүмкіндік!
📍 Кімді іздейміз:
2026–2027 оқу жылы кезінде 2–3 курс студенттерін.
📍 Сені не күтеді:
• Еуропадағы серіктес университетте оқу.
• Жаңа мәдениет пен тілдік ортаға ену.
• Жаңа академиялық мүмкіндіктер және түйіндемеңде сені өзгелерден ерекшелендіретін маңызды тәжірибе.
📋 Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Үлгерім: академиялық қарыздардың болмауы және орташа балл 3.0-ден жоғары (GPA).
Тіл: ағылшын тілін білу.
Жеке қасиеттер: жоғары мотивация, коммуникабельділік және шетелде университетіміздің атынан шығуға дайын болу.
📁 Қажетті құжаттар:
• Қатысуға өтініш.
• Транскрипт.
• Тілді меңгергенін растайтын сертификат (IELTS кемінде 5.5).
• «Неліктен дәл сен Еуропада оқуға лайықсың?» тақырыбында мотивациялық хат.
ИИ арқылы антиплагиат тексерісі жүргізіледі.
⏳ Өтінім қабылдау мерзімі:
10 сәуірге дейін (қоса алғанда).
📩 Қалай өтініш беруге болады?
Форманы толтырып, мына сілтеме арқылы жіберіңіз:
https://forms.gle/D7S65gxHftTGwCPcA
Әлемді көруге және өміріңді өзгертуге берілген мүмкіндікті жіберіп алма!
Орын саны шектеулі.


