ALT Университетінің ғылым және инновация департаменті 2025 жылдың желтоқсан айының 19-на сағат 11 00-де жоспарланған ғылыми мастер-класс өтетіндігін хабарлайды. Іс-шара бас оқу корпусының екінші этажында орналасқан R201 аудиториясында өтеді. Ғылыми мастер-класс «ғылыми жарияланымдарды талдау және ілгерілету құралы ретінде Scopus библиографиялық және реферативтік дерекқоры» тақырыбына арналады. Қазақстан Республикасындағы Scopus-тың ресми өкілі Рабиға Қожамқұл мастер-класс спикері болады.
Аталған іс-шараға қызметі білім беру және ғылыми-техникалық саламен тікелей байланысты ALT Университетінің барлық қызметкерлері, сондай-ақ басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері және бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері шақырылады. Мастер-класс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қатысу үшін 2025 жылдың 18 желтоқсанына дейін жарамды төмендегі сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу үшін сілтеме:


