2022 жылғы» 09 » желтоқсан күні сағат 10.00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 мекенжайы бойынша «Логистика және Көлік Академиясы» АҚ жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға, ALT түлектері мен студенттеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңкенің мақсаты – Логистика және Көлік Академиясының түлектері мен студенттерін жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс орнату арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық жастарды қолдау, еліміздегі адами капиталдың сапасын дамыту және Елдің көлік-логистика саласындағы кадрлық ашаршылықты шешу болып табылады.
Күн сайын миллиондаған адамдар пайдаланатын әлемдегі ең сұранысқа ие және ыңғайлы көлік түрлерінің бірі-теміржол. Соңғы жылдары Еуразия өңіріндегі темір жолдар айтарлықтай өзгерді және цифрландыру есебінен жаңғыртылды. Көліктегі жылдамдықты арттыру көптеген мәселелерді шешіп, жолаушылар мен жүктерді жеткізу уақытын қысқартты. Сонымен бірге пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мәселесін өзекті болып табылады.
Жәрмеңкеге топ-менеджментінің «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ , «ERG» компаниясы тобы, «Вагонсервис»АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ЦАТЭК» АҚ, «КаР – Тел» ЖШС өкілдері , көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелері мен ақпараттық жүйелерін өндірушілерілері, рекрутингтік ұйымдар, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттар қатысады.
Бос орындар жәрмеңкесі аясында мастер-кластар ұйымдастырылуда, олар тыңдаушыларға көлік-логистика саласының жетекші компанияларында одан әрі жұмысқа орналасу үшін пайдалы болып табылады.
Байланыс деректері:
Бас маман – сарапшы
Мұратова Ы.Б.
8 747 348 6131
y.bolatkyzy@alt.edu.kz