Select Page

М.Тынышпаев атындағы ALT университеті АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен және «Extrica» баспасымен бірлесе отырып, «Көлікте, аэроғарыш саласында және машина жасауда машиналық оқыту мен жасанды интеллект» тақырыбындағы 72-ші Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция 2025 жылғы 15-16 мамыр аралығында өтеді.

Халықаралық конференцияның мақсаты – ғалымдарға, тәжірибелі мамандарға, коммерциялық ұйымдардың өкілдеріне, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарға көлік инженериясы, логистика, энергетика, робототехника, IT технологиялар, аэроғарыш индустриясы және машина жасау салаларындағы теория мен практика бойынша еркін ақпарат және пікір алмасу алаңын ұсыну, сондай-ақ ғылымда, білім мен өнеркәсіпте басқару жүйелерін оңтайландыру әдістерін талқылау және әзірлеу.

Конференция материалдары Scopus, EI Compendex, Gale Cengage, Google Scholar және EBSCO сияқты жетекші ғылыми дерекқорларға енгізіледі.

Конференцияға Қазақстан мен шет елдердің ғалымдары, оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ көлік саласы мен өзге де инженерлік бағыттарда еңбек ететін мамандар шақырылады.

Конференция сайты: https://www.extrica.com/conference/almaty-2025

Конференция бағдарламасы

Zoom сілтемесі https://zoom.us/j/98410955157

Skip to content
Приемная комиссия