Select Page
logo-alt-university
yessenov university
civil aviation academy

Құрметті әріптестер!

 

Сізді және сіздің әріптестеріңізді 2024 жылғы 4 қазанда Алматы қаласы «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ базасында өтетін «КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ V ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ» жұмысына қатысуға шақырамыз.

Форумды өткізудің негізгі міндеті – қозғалыс қауіпсіздігі және цифрландыру, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, көлік үдерісіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру жағдайларын болдырмау үшін тасымалдау үдерісі жұмыстарын орындау кезінде ескерту шараларын әзірлеу жөніндегі маңызды мәселелерді талқылау болып табылады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, жақын және алыс шет елдердің ұлттық тасымалдаушылары, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлерінің одағы, көлік қауіпсіздігін және ақпараттық технологияларды қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерін өндірушілері, конструкторлық бюролар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, консалтингтік және жобалау ұйымдары, білім беру мекемелері, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар қатысады деп жоспарлануда.

Форум барысында келесі панельдік сессиялар жұмыс істейді:

  • Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Теміржол саласын сандық жүйеге түрлендіру;
  • Автомобиль-жол кешеніндегі сандық жүйеге көшіру мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері;
  • Әуе көлігін дамытудың өзекті мәселелері;
  • Су көлігіндегі инновациялық технологиялар және қауіпсіздік;
  • Көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлауды жетілдіру.

Форумға қатысу тегін.

Форум аясында көлік-логистика саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Көрмеге қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды. Жол жүру және тұру үшін ақы төлеу форумға қатысушылардың немесе жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.

Қатысу үшін сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет. Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Қатысушылар 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін isc@alt.edu.kz поштасына міндетті түрде баяндама жіберу керек.

Форумның ұйымдастырушылары:

  • «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ;
  • Yessenov university;
  • «Азаматтық авиация академиясы» АҚ.

ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 97, ALT, каб. 2609. Тел.: +7 707 888 1931 (ішкі 1049), +7 727 346 1074 (ішкі 1049), isc@alt.edu.kz.

Сіздің қатысуыңызға шын жүректен қуаныштымыз!

РЕКВИЗИТТЕР:

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» Акционерлік қоғамы
050012 Алматы қ., Шевченко к-сі, 97
БИН 010740000551, КБЕ: 17
«Нұрбанк»АҚ шотының № KZ6184901KZ503555000
БИК NURSKZKX
ҚҚС 60001 сериясы №1218806 27.01.2021 ж.

Приемная комиссия