Құрметті АЛТ студенттері!
Қазақ халқының аты аңызға айналған тұңғыш кәсіпқой балуаны, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай, АЛТ студенттері арасында спорттық жарыс ұйымдастырылады.
Аталған жарыс — ұлт мақтанышы Қажымұқан атамыздың ерлігін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және студенттер арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізіледі.
Жарыс 8 салмақ дәрежесі бойынша өтеді: 55 кг, 60 кг, 66 кг, 72 кг, 78 кг, 84 кг, 90 кг, 100+ кг.
-
📅 Өтетін күні: 16.02.2026 ж.
-
📍 Өтетін орны: №2 ДС жаттығу залы (Мәуленов көш., 110)
-
⏰ Уақыты:
-
17:00 – тіркелу және салмақ өлшеу
-
18:00 – белдесулердің басталуы
-
Баршаңызды белсенді қатысуға және өз күш-жігерлеріңізді сынап көруге шақырамыз!
Ұйымдастырушылар: Калипанов Серикжан Шайгаппасович және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары.
Байланыс нөмірі: +7 778 329 5715


