Select Page

2026 жылғы 14 мамырда Астана уақытымен сағат 15:00-де «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті» АҚ «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасында (В508 ауд.) 6D090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша докторант Орынбеков Мақсат Бағыбайұлының докторлық диссертациясын талқылау бойынша кафедраның кеңейтілген отырысы өтеді.

Кеңейтілген отырыс онлайн/офлайн форматта ашық режимде өткізіледі.

Сілтеме: Microsoft Teams жиналысына қосылу

Диссертация тақырыбы: «Реттеудің координаталық тәсілімен пойыздардың қозғалысын ұйымдастырудың оңтайлы-қауіпсіз моделін әзірлеу».

Отандық ғылыми кеңесші: Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық көлік академиясының академигі, Алматы қ., Қазақстан.

Шетелдік ғылыми кеңесші: Йорн Пахль (Jörn Pachl), т.ғ.д., Брауншвейг техникалық университетінің профессоры, Брауншвейг қ., Германия.

Skip to content
Приемная комиссия