Select Page

01.12.2025 ж. – 02.12.2025 ж. аралығында М. Тынышпаев атындағы АLT Университеті Білім сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз агенттігінде (НАОКО) 22 білім беру бағдарламасы бойынша бастапқы бағдарламалық аккредиттеуден өтеді.

Аккредиттеудің мақсаты — білім беру бағдарламаларының белгіленген ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растау, сондай-ақ студенттер, жұмыс берушілер және академиялық қауымдастық тарапынан сенімді арттыру.

Бағдарламалық аккредиттеуден өту АLT Университетінің дамуындағы маңызды қадам болып табылады, ол көрсетілетін білім беру қызметтерінің жоғары деңгейін, ғылыми-шығармашылық ортаның тұрақты дамуын және халықаралық сапа стандарттарына бейілділігін дәлелдейді.

Skip to content
Приемная комиссия