2025 жылдың желтоқсан айында Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті 22 білім беру бағдарламасын Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) бастапқы бағдарламалық аккредиттеуінен өткізуді жоспарлап отыр.
Аккредиттеудің мақсаты — білім беру бағдарламаларының белгіленген ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растау және студенттер, жұмыс берушілер және академиялық қауымдастық арасындағы сенімді арттыру.
Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу — жеке білім беру бағдарламаларының сапасын сыртқы бағалау рәсімі. Ол түлектердің дайындығының кәсіби талаптарға және қазіргі заманғы еңбек нарығына қаншалықты сәйкес келетінін анықтауға бағытталған.
Бастапқы аккредиттеу Еуропалық стандарттар мен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарға (ESG) негізделген IQAA аккредиттеу стандарттарына сәйкестік әлеуетін көрсететін білім беру бағдарламаларына беріледі.
Аккредиттеу процесінің бөлігі ретінде IQAA сыртқы сарапшылар тобы (ССТ) ALT білім беру бағдарламаларына кешенді талдау жүргізеді: оқу бағдарламалары мен нысандарын қарастырады, ПОҚ, білмалушылармен және жұмыс берушілермен кездеседі және ұйымдастырушылық және әкімшілік процестерді зерттейді.
Бағдарламаны аккредиттеу ALT дамуындағы маңызды қадам болып табылады, ол білім беру қызметтерінің жоғары деңгейін, ғылыми және шығармашылық ортаның тұрақты дамуын және халықаралық сапа стандарттарына берілгендігін растайды.
ALT басшылығы бүкіл команданы – ПОҚ, қызметкерлерді және білімалушыларды – дайындық процесіне белсенді қатысуға және аккредиттеуді сәтті аяқтауға үлес қосуға, ALT-тің заманауи және бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны ретіндегі орнын нығайтуға атсалысуға шақырады.


