2024 жылғы 04-06 сәуір аралығында «Логистика және көлік академиясы» АҚ «Extrica» баспасымен бірлесіп «Озық технологиялар, Көлік және діріл инженериясы» 68-ші Халықаралық конференциясын өткізеді. Конференцияның ресми серіктестері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы болып табылады.
Халықаралық конференцияның мақсаты – діріл инженериясы, көлік инженериясы, логистика, энергетика, робототехника, IT-технологиялар, радиоэлектрондық технологиялар саласындағы теория мен практика бойынша ғалымдарға, тәжірибешілерге, коммерциялық ұйымдардың өкілдеріне, кәсіпкерлерге және билік өкілдеріне еркін ақпарат және пікір алмасу мүмкіндігін беру, сондай-ақ ғылым, білім және өнеркәсіптегі басқару жүйелерін оңтайландыру әдістерін талқылау және әзірлеу болып табылады.
Конференция материалдары Scopus, EI Compendex, Gale Cengage, Google Scholar және EBSCO сияқты ірі ғылыми дерекқорларға енгізілген..
Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ көлік саласындағы және басқа да инженерлік бағыттардағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандар шақырылады.
Мақаланы тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 15 наурыз.
Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын.
Қатысу құны: 130 Еуро (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан қатысушылары үшін).
Конференция сайты: https://www.extrica.com/conference/almaty-2024
Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі 97.
Конференция мәселелері бойынша ұйымдастыру комитетіне электрондық мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: isc@alt.edu.kz