Төмендегі реттілікті сақтау ұсынылады:
- құқықбұзушылықтың мәнін және Сізге белгілі фактілерді сипаттаңыз;
- құқықбұзушылық орын алған Университеттің институтын, кафедрасын немесе құрылымдық бөлімшесін көрсетіңіз;
- өз атыңызды көрсетіңіз (міндетті емес);
- кері байланыс үшін байланыс деректеріңізді қалдырыңыз (міндетті емес).
Хабарламаның мазмұны нақты фактілерге негізделуі тиіс екенін ескертеміз, негізсіз күдікке жол берілмейді. Біз нақты жасалған немесе жоспарланып отырған құқыққа қайшы әрекеттер туралы, қызметтік тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратты күтеміз.


