2025 жылдың 26–28 қараша күндері Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасында көлік саласы бойынша кадрларды даярлау альянсы кеңесінің Үшінші отырысын қабылдайды.
Іс-шараға Қытай және Орталық Азияның бес мемлекетінің мемлекеттік органдарының, университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Қатысушылар көлік саласының дамуының перспективаларын, заманауи білім беру модельдерін енгізу мәселелерін және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылайды.
Бағдарламада көлік секторына мамандар даярлау, ғылыми-техникалық инновациялар, үздік тәжірибемен алмасу, сондай-ақ заманауи көлік жүйелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған тақырыптық секциялар қарастырылған. Тұрақты даму мәселелеріне және өңіраралық серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударылады.
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында отырыстың өтуі университеттің көлік саласындағы халықаралық диалог пен ынтымақтастық үшін маңызды алаң ретіндегі рөлін айқындайды.


