Select Page

ALT Университеті сәулет бағыттарына түсуге ниет білдірген талапкерлерді дайындық курсына шақырады. Курс шығармашылық қабылдау емтихандарына дайындалуға, көркемдік ойлауды, кеңістікті қабылдауды және графикалық жұмыстарды орындау дағдыларын дамытуға бағытталған.

📅 Өткізілу мерзімі: 29.06.2026 – 06.07.2026
💰 Оқу құны: 25 000 теңге
📌 Оқыту форматы: офлайн

Курс бағдарламасында:

🎨 Сурет салу (Рисунок)

  • Академиялық сурет салу негіздері;

  • Пішіндерді құру, пропорция және перспектива;

  • Геометриялық денелердің бейнесі;

  • Жарық-көлеңке, көлем және композиция;

  • Сәулеттік нобайларды (эскиздерді) орындау.

📐 Сызу (Черчение)

  • Инженерлік графика негезідері;

  • Сызбаларды рәсімдеу ережелері;

  • Көріністер, қималар және масштабтау;

  • Сәулеттік схемалар мен жоспарларды құру.

Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар:
✓ Сурет салу мен сызудың базалық техникасын меңгереді;
✓ Шығармашылық емтихан талаптарына сәйкес жұмыстарды орындауды үйренеді;
✓ Композициялық және кеңістіктік ойлау дағдыларын жетілдіреді.

Кімдерге арналған:
9–11 сынып оқушылары, мектеп түлектері және келесі мамандықтарға түсуге дайындалғысы келетін барлық ниет білдірушілер:
«Сәулет», «Дизайн», «Қала құрылысы», «Құрылыс және жобалау».

📞 Жазылу үшін байланыс телефоны: 87761238089

Автор: Избасарова Л. Ж.

Skip to content
Приемная комиссия