Сіздерді #WorldWaterRun 2026 жаһандық жүгіру қозғалысына қатысуға шақырамыз. Бұл шара Дүниежүзілік су күнін атап өтуге арналған және әлемнің түкпір-түкпіріндегі командалар мен қауымдастықтарды біріктіреді.
Өтетін күні: 20 наурыз 2026 жыл
Өтетін орны: «Динамо» стадионы
Уақыты: 10.00
Іс-шараның мақсаты:
Салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер, қызметкерлер мен оқытушылардың денсаулығын нығайту, командалық рухты дамыту және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдау:
№3 мақсат: Барлық жастағы адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету және әл-ауқатын арттыру
№6 мақсат: Су ресурстарының қолжетімділігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
Міндеттері:
— Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер арасында салауатты өмір салты мен тұрақты дене белсенділігінің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру
— Спорттық және қоғамдық бастамаларға бірлесіп қатысу арқылы командалық өзара әрекеттесу, өзара қолдау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру
— Академиялық қауымдастықтың назарын су ресурстарын ұтымды пайдалану және жаһандық су мәселелеріне аудару
Ұйымдастырушы:
Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Абдирайымова А.С.
Байланыс: +7 707 787 00 88
Біздің қатарымызға қосылыңыз және игі іске үлес қосыңыз!


