Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2026» конкурсының өткізілетіндігін хабарлайды.
Байқаудың бірінші (ЖОО ішіндегі) кезеңі 2026 жылғы 5 қарашада басталып, 2026 жылғы 18 қараша сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Байқаудың екінші кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру ережесі (Бұдан әрі – Қағидалар): https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар арасынан шыққан үміткерлер ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды тапсырады (universitycontest2026.kz):
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер (2026, 2025, 2024, 2023, 2022 жж));
3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2026-2027 оқу жылы);
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Байқаудың бірінші кезеңіне апелляцияны беру 2026 жылғы 19-20 қараша аралығында өтеді.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. Бұдан басқа, жоғарыда аталған конкурстың жеңімпаздары мен «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері аталған конкурсқа соңғы он жыл ішінде қатыспайды.


