Халықаралық конгресс
Сізді Алматы қаласында 2021 жылдың 25-26 қарашасы аралығында, «Логистика және Көлік Академиясында» өтетін «ЛОГИСТИКАДАҒЫ, КӨЛІКТЕГІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты Халықаралық Конгресінің жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конгресс аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:
➤ 25.11.2021 – ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ.
Форумды өткізудің негізгі міндеттері адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру жағдайларын болдырмау үшін поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде алдын алу шараларын әзірлеу болып табылады. Теміржол көлігін цифрландыру қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін ғана емес, сондай-ақ көлік құралының өзінің, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерінің рөлін де түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Цифрлық теміржол құру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында цифрлық экономиканы құру міндеттеріне толық сәйкес келеді. Осы тұжырымдаманы іске асыру теміржол көлігіне көлік-логистикалық қызметтер көрсетудің сапалы жаңа деңгейін беруге, саланың басқа көлік түрлері алдында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Белорусь темір жолы» АҚ, «Українськазалызниця» АҚ, «Узбекистонтемирйуллари» АҚ, «Кыргызтемиржолу» ұлттық компаниясы» МК, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік Одағы және т.б., көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерін және ақпараттық технологияларды өндірушілер, конструкторлық бюролар және өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдары, консалтингтік және жобалау ұйымдары, білім беру мекемелері, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың қатысуы жоспарланған.
Форум барысында келесі секциялар жұмыс істейді:
- Темір жол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Көлік жүйесін жаңғырту және теміржол саласын цифрлық трансформациялау;
- Мемлекеттің көлік саласы үшін кадрлар даярлау тұжырымдамасы.
Форум аясында теміржол саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Көрмеге қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайды. Жол жүру және тұру үшін ақы төлеу форумға қатысушылардың немесе жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.
Құрметті қатысушылар, іс-шараның маңыздылығын назарға ала отырып, аталған тақырыптардың бірі бойынша баяндамамен осы форумға Сіздің ұйымыңыздың қатысу мәселесін оң шешуіңізді сұраймыз.
➤ 26.11.2021 – Қазақстан Республиканың Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түрксібтің және Логистика және Көлік Академиясының 90 жылдықтарына арналған «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР» Халықаралық конференциясы. Конференцияға баяндамалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
- Көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту
- Электроника және робототехника
- Көлік саласын цифрлық трансформациялау
- Жылжымалы құрам паркін басқарудағы сандық стандарттар
- Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
- Энергетикадағы өзекті мәселелер
- Көлік және экология
- Автоматика және телемеханика жүйесін дамытудағы инновациялар
- Көлік-логистика және телекоммуникация салалар үшін кадрлар даярлау
- Жасанды интеллект
Халықаралық конгреске қатысу форматы офлайн және онлайн режимдері үшін қарастырылған.
Қатысуға ғылыми-білім беру ұйымдарының оқытушылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен ЖОО студенттері шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Форум және конференция материалдары ISBN халықаралық нөмірімен конференция материалдарының жинағында жарияланатын болады.
Тіркеу өтінімдерінің, мақалаларды ұсынудың және қатысу үшін төлемнің соңғы мерзімі – 2021 жылдың 25 қазанына дейін 20 қарашасына дейін.
Форум мен конференцияға қатысу үшін:
– онлайн тіркеуден өту;
– конференцияны ұйымдастыру комитетінің электрондық почтасына isc@alt.edu.kz хаттың тақырыбын «Халықаралық конгреске»деп белгілей отырып міндетті түрде, мынадай материалдар ұсыну қажет:
– төменде келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақала (тіркелген файлдың атауында бірінші автордың тегін, мақаланың атауын көрсету керек);
– төлем туралы түбіртек.
Жинақта мақаланы жариялау құны 7000 теңгені құрайды.
РЕКВИЗИТТЕР:
АҚ «Логистика және көлік Академиясы»
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ, Шевченко көшесі, 97
БИН 010740000551
11.10.2012 ж Куәлік НДС серия 60001 № 0071168
ИИК: KZ80914002203KZ008X7 (KZT)
ИИК: KZ14914002203RU003GX(RUR)
ИИК: KZ44914002203US003LD(USD)
ДБАҚ «Сбербанк», Алматы қ.
БИК SABRKZKA
КБЕ 17, КНП 859
Төлемді аудару кезінде «ЛжКА Халықаралық Конгресінің материалдарында жариялану үшін» деген белгі қойып, өзінің тегі мен аты-жөнін көрсету қажет.
Қонақ үйге келуге және оны орналастыруға байланысты шығыстар қатысушылардың немесе жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97, Логистика және көлік Академиясы, каб. 2605.
Тел.: +7 777 367 46 33, e-mail: isc@alt.edu.kz
Халықаралық Конгресс туралы ақпарат мына сайта орналастырылған alt.edu.kz