Select Page

«Арнайы пәндер» циклы

Загитов Данияр Муратулы

Цикл басшысы

Загитов Данияр Мұратұлы, запастағы полковник, техника ғылымдарының магистрі

Байланыс деректері: № 5114 кабинет,
e-mail: d.zagitov@alt.edu.kz.
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 14.00-ден 16.40-қа дейін
Демалыс күндері: жексенбі, дүйсенбі

«Арнайы пәндер» циклының қысқаша тарихи анықтамасы

Цикл құрылған күннен бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери есепке алу мамандықтары бойынша дайындайды:

1) запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша:

  • темір жол, су және әуе көлігімен әскери байланыс пен әскери тасымалдауды ұйымдастыру;
  • қаржылық қамтамасыз ету;
  • автомобиль бөлімшелері мен бөліктерін қолдану.

2) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша:

  • автомобильдер (автомобиль техникасын пайдалану).

«Арнайы пәндер» циклы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлері мен сержанттарының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау үшін әскери мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды, олардың теориялық білімі мен бөлімшені бейбіт уақытта және соғыс уақытында басқару бойынша практикалық дағдылары бар.

Профессорлық-оқытушылық құрам

Жумабеков Ансар Турарович

Жумабеков Ансар Турарович

Аға оқытушы

запастағы полковник, әскери ғылымдарының магистрі

Ермекбаев Бердали Мадалиевич

Ермекбаев Бердали Мадалиевич

Оқытушы

Отставкадағы полковник, Ауғанстан қимылдарының ардагері 08.1987-02.1989. КСРО «Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальмен марапатталған

Харесова Мадина Шоровна

Харесова Мадина Шоровна

Аға оқытушы

запас майоры, экономика ғылымдарының кандидаты

Цикл байланыстары

«Арнайы пәндер» циклы

Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы, № 5114 кабинет

Skip to content
Приемная комиссия