Select Page

ALT University-дегі дуальді оқыту

ALT University-дегі дуальді оқыту — бұл университеттегі оқу серіктес-кәсіпорындардағы тәжірибелік қызметпен ұштастырылатын кадрларды даярлау нысаны.

Мұндай жүйе студенттерге теориялық білім алуға және оны бір мезгілде нақты өндіріс жағдайында тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Студенттер үшін артықшылықтары:

  • үшжақты шарт (студент — университет — кәсіпорын) негізінде ресми қатысу;
  • тәжірибелік оқыту арқылы білімді бекіту;
  • кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және портфолио қалыптастыру;
  • оқуды бітіргеннен кейін мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Бағдарламаны ұйымдастыру:

Дуальді оқыту кәсіпорынмен келісілген бекітілген жұмыс оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорын жұмыс орындарын ұсынады, тәлімгерлерді тағайындайды және тәжірибеден өтуге жағдай жасайды.

Университет академиялық басшылықты және оқу нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады. (ұйымда дуальді оқытуды үйлестіруге жауап беретін тәжірибе жетекшісі тағайындалады)

Бағдарламаға қатысушылар:

Дуальді оқытуға институтпен келісім бойынша 3–4 курс студенттері, сондай-ақ ТжКБ негізінде оқитын студенттер жіберіледі.

Қатысудың ең аз мерзімі — бір семестр.

Өтінімдер семестр басталғанға дейін бір ай бұрын қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Жұмыс орнынан анықтама (компанияның қызметі студенттің даярлау бейініне сәйкес келуі және арнайы ЭҚЖЖ кодына тиісті болуы шарт);
  • Меморандум.
  • Дуальді оқыту туралы үшжақты келісім шарт.
  • Кәсіпорынмен келісілген дуальді оқытудың жұмыс оқу жоспары.
  • Кәсіпорынмен келісілген дуальді оқытудың жұмыс оқу бағдарламасы (Силлабус).
  • Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені іске асыру үшін жабдықталған кәсіпорындардағы оқу, жұмыс орындарының болуы.
  • Кәсіпорындардағы өндірістік оқыту/кәсіптік тәжірибесінің тәлімгерлерінің болуы.

Дуальді бағдарламаға жіберу туралы шешімді ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін университет қабылдайды.

Skip to content
Приемная комиссия