Select Page

Жалпы инженерия департаменті

Ахметова П.Т.

Жалпы инженерия департаментінің меңгерушісі

Ахметова Патам Тургановна
Т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Кабинет: № В507
e-mail: p.ahmetova@alt.edu.kz

Департамент тарихы

Жалпы инженерия департаменті өз бастауын 1931 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтының, Алматы автомобиль-жол институтының, кейіннен ТашТКИИ филиалы мен Өскемен филиалының оқу-кеңес беру пункті ұйымдастырылған кезден алады.

Қалыптасу мен дамудың негізгі кезеңдері:

  • 1969 ж. — «Физика» кафедрасынан химия секциясы бөлініп шығып, кафедра «Физика және химия» болып аталды.

  • 1971 ж. — ТашТКИИ Алматы филиалы жанынан «Жоғары математика және теоретикалық механика» кафедрасы құрылып, ол математикалық және механикалық циклдегі барлық пәндер бойынша оқу процесін қамтамасыз етті.

  • 1973 ж. — кафедра екі дербес құрылымға бөлінді: «Физика» және «Химия және материалтану». «Физика» кафедрасының меңгерушісі болып ф.-м.ғ.к. М.Ә. Пак сайланды (кафедраны 1976 жылдан, АлИИТ құрылған сәттен бастап 1983 жылға дейін басқарды).

  • 1976 ж. — АлИИТ-тің ашылуына байланысты «Жоғары математика» және «Теоретикалық механика» кафедралары құрылды.

  • 1977 ж. — «Жоғары математика» кафедрасынан «Қолданбалы механика» кафедрасы бөлініп шықты, оны бірнеше жыл бойы А.Қ. Қаюпов басқарды.

Кафедра меңгерушілері:

  • «Жоғары математика» кафедрасы: доцент Қ.М. Мұстахишев, профессор С.А. Алдашев, профессорлар Ж.Қ. Массанов пен С.Д. Тыныбекова, доцент Е.Қ. Қасымов.

  • «Физика» және «Химия» кафедралары: х.ғ.к. С.Е. Кожирова (1983 ж. бастап), т.ғ.к. Ж.Ә. Сәрсенбаев (1985–1996 жж.), проф. Л.(М).Б. Бектенов (1999 ж. оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор болып тағайындалды), х.ғ.д., профессор Е.М. Меңліғазиев, х.ғ.д. М.Х. Ким, ф.-м.ғ.д. Ә.М. Әлімжанов, ф.-м.ғ.д., профессор М. Ысқақов, т.ғ.к., доцент Л.С. Вервейкина.

Заманауи кезең мен қайта құрулар:

  • 2004 ж. — «Физика» және «Химия» кафедралары қайта бірігіп, б.ғ.д., профессор С.М. Малғаждаровтың басшылығымен «Физика, химия және материалдар механикасы» (ФХжММ) кафедрасы құрылды. 2007–2008 жылдары бұл кафедраны ф.-м.ғ.к. Е.А. Дьяченко басқарды.

  • 2008 ж. — «Физика, химия және материалдар механикасы» мен «Жоғары математика» кафедралары бірігіп, «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы құрылды. Басшылары: т.ғ.к., доцент С.Т. Алмағамбетова (2008–2010 жж.), ф.-м.ғ.к. Е.А. Дьяченко (2010–2019 жж.), ф.-м.ғ.к. Е.Б. Тасболат (2020–2021 жж.).

  • 2021–2022 жж. — «Жалпы инжиниринг» кафедрасы құрылып, оны PhD докторы Ақдана Тұрсынханқызы Тасымбетова басқарды.

  • 2022 жылдан бастап — кафедра басшылығын т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Патам Тұрғанқызы Ахметова жүзеге асыруда.

  • 2026 жылы — ұйымдық құрылымның өзгеруіне байланысты кафедра жаңа мәртебеде — Жалпы инженерия департаменті болып қайта құрылды. Департамент жетекшісі — т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Патам Тургановна Ахметова.

Құрылымы мен білім беру циклдері: Жалпы инженерия департаменті екі негізгі циклді қамтиды:

  • Қолданбалы физика циклі: «Қолданбалы физика», «Қолданбалы физика 1», «Қолданбалы физика 2», «Электродинамика», «Кванттық физика», «Құрылыс физикасы».

  • Инженерлік және бизнес-математика циклі: «Инженерлік математика», «Инженерлік математика 1», «Инженерлік математика 2», «Бизнес математика 1», «Бизнес математика 2», «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика», «Дифференциалдық теңдеулер».

Зертханалық база: Департамент құрамында 4 мамандандырылған зертхана жұмыс істейді:

  • «Механика және молекулалық физика»

  • «Электр және магнетизм»

  • «Тербелістер және толқындық оптика»

  • «Кванттық, атомдық физика»

Кадрлық әлеует: Бүгінгі таңда Департаменттің ғылыми дәрежелілігі 67% құрайды:

  • 3 қауымдастырылған профессор;

  • 3 ALT қауымдастырылған профессоры (ғылыми дәрежесі бар);

  • 11 магистр-оқытушы;

  • 3 дәрежесіз оқытушы.

Оқытушылар құрамы бұрынғы КСРО-ның белгілі ғылыми мектептері мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ) түлектерін біріктіретін тәжірибелі әрі білікті ұжым болып табылады.

Оқу процесін ұйымдастыру және стратегиясы

«М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ-да оқу-ғылыми процесті жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады. Даярлау бакалавриаттың 36 мамандығы, магистратураның 29 мамандығы және PhD докторантурасының 8 мамандығы бойынша жүргізіледі.

  • Департаменттің миссиясы: білім, ғылым мен өндірісті интеграциялау, материалдық-техникалық база мен кадрлық әлеуетті нығайту, оқу процесінде заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану арқылы кадрларды даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу.

  • Департаменттің мақсаты: математикалық және физикалық білім берудің әлеуметтік мәртебесін арттыру, тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделе алатын жоғары білікті құзыретті мамандарды даярлау, заманауи ақпараттық білім беру технологияларын пайдалану, білім сапасын бақылау механизмдерін жетілдіру.

  • Департаменттің міндеттері:

    • Техникалық салалар үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау;

    • Оқу процесін ұйымдастыруға интерактивті және инновациялық әдістерді енгізу;

    • Ғылыми-зерттеу базасы мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің сапасын арттыру.

Профессор-оқытушылар құрамы

Ахметова Патам Тургановна

Ахметова Патам Тургановна

Қауымдастырылған профессор

т.ғ.к, доцент “физика”

Бейсенбаева Кулняр Адамбаевна

Бейсенбаева Кулняр Адамбаевна

Қауымдастырылған профессор

к.ф-м.н, доцент

Дьяченко Елена Анатольевна

Дьяченко Елена Анатольевна

ALT қауымдастырылған профессоры

физика-математика ғылымдарының кандидаты

Нурахметова Кульзира Кумаргалиевна

Нурахметова Кульзира Кумаргалиевна

ALT қауымдастырылған профессоры

PhD доктор

Ташимбетова Акдана Турсынхановна

Ташимбетова Акдана Турсынхановна

ALT қауымдастырылған профессоры

физика-математика ғылымдарының кандидаты

Байдуалиева Ақтоты Қайыржанқызы

Байдуалиева Ақтоты Қайыржанқызы

Сениор-лектор

магистр

Сегізбай Клара Тұрғанбекқызы

Сегізбай Клара Тұрғанбекқызы

Ассистент-оқытушы

Магистр

Департамент байланыстары

Мекен-жайы: Шевченко көшесі 97,  Масанчи бұрышы, 5 қабат (2 павильон) ауд. В507

Оқу зертханалары:

Зертхана атауы

Аудитория

Тербелістер және толқындық оптика

О708

Электр және магнетизм

О5710

Механика. Молекулалық физика және термодинамика

О5712

Кванттық, атомдық және ядролық физика

О5706

 

Аудиториялар:

О701 – Оқу аудиториясы 
О702 – Дәріс залы 
О703 – Оқу аудиториясы 
О704 – Оқу аудиториясы 
О705 – Оқу аудиториясы 
О707 – Оқу аудиториясы 
О709 – Оқу аудиториясы 
О711 – Оқу аудиториясы 
О713 – Оқу аудиториясы

Skip to content
Приемная комиссия