Жылжымалы құрам департаменті

Жылжымалы құрам департаментінің меңгерушісі
Аширбаев Галымжан Кожахатович
Қауымдастырылған профессор, Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Кабинет: № B408
e-mail: g.ashirbaev@alt.edu.kz
Департамент тарихы
«Жылжымалы құрам» кафедрасы 2014 жылы мамандар даярлайтын «Локомотивтер» және «Вагондар» кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды.
Әр жылдары «Жылжымалы құрам» кафедрасын э.ғ.д., профессор Б.М. Куанышев, т.ғ.д., профессорлар С.С. Абдуллаев, В.Г. Солоненко, т.ғ.к., доценттер Т.О. Чигамбаев, Ж.С. Ибраев, Н.А. Токмурзина басқарды. Қазіргі уақытта «Жылжымалы құрам» департаментін т.ғ.к., АЛжТ профессоры Г.К. Аширбаев басқарады. Департаменттің негізгі міндеті — Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім берудің бекітілген мемлекеттік стандартына сәйкес кәсіби білімі мен оқу дағдылары бар мамандардың теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз ету.
«Жылжымалы құрам» департаменті — Университеттің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Ол профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлап, олардың біліктілігін арттырады.
Департаменттің профессор-оқытушылар құрамы әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдерінен құралған, Университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысатын жоғары білікті кәсіби ұжым болып табылады. Департамент оқытушылары әртүрлі ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жұмыс жүргізіп, университетішілік, республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларда баяндамалар мен хабарламалар жасайды. Көптеген ғылыми зерттеулердің материалдары мен практикалық ұсынымдары ғылыми-әдістемелік құралдарға, мақалалар мен баяндамаларға, сондай-ақ өнертабыстарға берілген патенттерге негіз болды. Департаменттің негізгі ғылыми бағыты — ТМД елдерінен және алыс шетелдерден жаңадан сатып алынатын жылжымалы құрамның техникалық сипаттамаларын зерделеу және зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы вагон паркін жаңғырту және оның қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкіндіктерін зерттеу. Жас ғалымдардың жұмыстарында «дөңгелек — рельс» жүйесінің өзара әрекеттесуін зерттеуге ерекше орын беріледі. Бұл зерттеулердің нәтижелері мерзімді басылымдарда, ғылыми конференциялар мен халықаралық симпозиумдарда көрініс тапты.
«Локомотивтер» кафедрасы 1977 жылы құрылды. «Тепловоздар және тепловоз шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі қызметіне Харьков қаласынан т.ғ.к., доцент А.А. Черняков шақырылды. Бұған дейін болашақ кафедраның пәндер циклі «Көлік техникасы» кафедрасының құрамында болды.
«Тепловоздар және тепловоз шаруашылығы» кафедрасын әр жылдары А.А. Черняков, В.В. Целиков, Ю.П. Алейников, К.С. Каспакбаев басқарды.
1983 жылғы сәуірде «Электрлік тартым» кафедрасы құрылып, оны т.ғ.к., доцент М.К. Шалабаев басқарды. «Электрлік тартым» кафедрасының құрамына екі мамандық кірді: «Теміржолдарды электрмен жабдықтау». 1983 оқу жылының басында кафедра оқытушылар құрамымен толық жасақталды: Омбы теміржол көлігі инженерлері институтынан конкурс бойынша АлИИТ-ке т.ғ.к., доцент Валерий Иванович Варва, т.ғ.к., доцент Василий Порфирьевич Парамзин, сондай-ақ екі оқытушы — Наталья Григорьевна Степанова мен Виктор Иванович Беляев қабылданды. Свердловск қаласынан конкурс бойынша доцент Владимир Андреевич Ан және аға оқытушы, т.ғ.к. Александр Макарович Саляников қабылданды. Сол уақытта кафедраға т.ғ.к., доцент Гелий Иванович Солоненко және аға оқытушы Виктор Иванович Самсонов та қабылданды.
1983 жылы доцент М.К. Шалабаев Қазақ темір жолы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның орнына кафедраны 1983 жылғы қарашадан 1988 жылғы желтоқсанға дейін доцент В.П. Парамзин басқарды. 1990 жылғы қаңтарда «Электрлік тартым» кафедрасының құрамынан В.А. Ан басқарған «Теміржолдарды электрмен жабдықтау» кафедрасы және доцент М.К. Шалабаев басқарған «Электровоздар және электр пойыздары» кафедрасы дербес кафедралар болып бөлініп шықты.
Әр жылдары кафедрада т.ғ.к., доценттер Б.Н. Кирпичников, Б.Н. Игин, Е.И. Ильин, В.А. Старадубцева, В.Д. Басалаев, В.С. Долинский, В.А. Шабанов, В.А. Байбошкин, сондай-ақ т.ғ.д., профессор А.С. Сабетов жұмыс істеді.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында 2006 жылы кафедрамыздың түлектері А.А. Алижан, Б.Б. Альжанов, К.Б. Жакупов, Б.М. Ибраев, Т.О. Чигамбаев аспирантурада оқу үшін Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетіне (МИИТ) жіберілді.
«Вагондар» кафедрасы ҚазККА-ның мамандар даярлайтын ең көне кафедраларының бірі болды. Кафедра 1976 жылы Алматы теміржол көлігі институтының ашылуымен бірге құрылып, бастапқыда «Вагондар және вагон шаруашылығы» деп аталды. Кафедра меңгерушісі болып М.К. Шалабаев тағайындалды.
Кафедраны нығайту үшін КСРО-ның басқа жоғары оқу орындарынан жетекші оқытушылар шақырылып, көлік жоғары оқу орындарының болашағы зор түлектері тартылды. Осылайша, 1977 жылдың соңына қарай кафедрада ЛИИЖТ аспирантурасының түлегі, т.ғ.к., доцент В.М. Андреев, ОмИИТ түлегі, т.ғ.к., доцент Б.А. Акатушкин және ХИИТ түлегі, доцент А.Г. Милашич жұмыс істей бастады. 1977–1978 жылдары кафедрада оқытушылар В.Н. Кузьменко, Е.П. Михайлин, А.Д. Еримбетов, М.К. Кукеев, Р.П. Иваницкий еңбек жолын бастады.
1977 жылы механика факультетінде «Вагондар» мамандығы бойынша алғашқы түлектер даярланды. Кафедра түлектері республиканың көптеген вагон деполары мен вагон жөндеу зауыттарында, сондай-ақ теміржол көлігінің басқа да ұйымдарында жұмыс істейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон деполары мен вагон жөндеу зауыттарының бірінші басшыларының 80%-дан астамы – осы кафедраның түлектері.
Қазіргі уақытта «Жылжымалы құрам» департаменті жоғары білікті оқытушылармен жасақталған, жақсы жабдықталған оқу зертханалары мен компьютерлік сыныптары бар. Кафедра оқытушыларының штат саны 16 бірлікті құрайды. Кафедрада 2 техника ғылымдарының докторы, 1 PhD, 9 техника ғылымдарының кандидаты, 2 сениор-лектор және 1 маман жұмыс істейді.
«Жылжымалы құрам» департаменті 6В07137 «Жылжымалы құрам инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды, 7М07146 «Теміржолдардың жылжымалы құрамы» және 7М07163 «Көлік инженериясы» (2025 жылдан бастап) білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді, 8D07159 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және 8D07166 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (бейіндік бағыт, 2025 жылдан бастап) білім беру бағдарламалары бойынша докторанттарды даярлайды. 2025 жылы бакалавриаттың 6B07187 «Вагон кешенінің инженерлік менеджменті», 6B07191 «Локомотив кешенінің инженерлік менеджменті» және 6B07192 «Теміржолдардың жылжымалы құрамы» (Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетімен (РФ) бірлескен қос дипломды бағдарлама) атты жаңа білім беру бағдарламалары ашылды.
Профессор-оқытушылар құрамы

Аширбаев Галымжан Кожахатович
Қауымдастырылған профессор
т.ғ.к., доцент

Солоненко Владимир Гельевич
Профессор
Техника ғылымдарының докторы, “Көлік” мамандығы бойынша ЖАК профессоры

Джакупов Нурбек Рахимджанович
ALT қауымдастырылған профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты

Мусаев Жанат Султанбекович
Қауымдастырылған профессор
д.т.н., доцент

Чигамбаев Темырбай Отарбаевич
Қауымдастырылған профессор
Техника ғылымдарының кандидаты

Ивановцева Наталья Викторовна
Қауымдастырылған профессор
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Бақыт Ғабит Бақытұлы
Қауымдастырылған профессор
PhD докторы

Аширбаева Ирина Анатольевна
ALT профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты, Доцент

Ибадуллаев Файзулла Абдуллаевич
ALT қауымдастырылған профессор

Туркебаев Мукангали Жамбулович
ALT қауымдастырылған профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты

Сүлеева Нұргүл Зинабдинқызы
ALT қауымдастырылған профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты

Утепова Акерке Умирзаковна
ALT қауымдастырылған профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты

Кибитова Рита Куримбаевна
ALT қауымдастырылған профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты

Мустапаев Колдасбай Сабырович
ALT қауымдастырылған профессоры
Техника ғылымдарының кандидаты

Маханова Айжан Курпешовна
Сениор-лектор
магистр

Мусин Нурлан Геннадьевич
Инженерия мектебі директорының орынбасары, Сениор-лектор
магистр
Департамент байланыстары
Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, 4 этаж, кабинет В408
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат
Оқу ғылыми зертханалары
«Жылжымалы құрамның автотежегіштері» зертханасы
«Жылжымалы құрам мен жолдың өзара әрекеттесуі» зерттеу зертханасы
«Бұзбай бақылау әдістері», “Жылу техникасы” зертханасы
«Вагондардың құрылысы және жөндеу технологиясы» зертханасы
«BARBER S-2-R жүк вагонының арбашасы» зертханасы
«KZ8A электровозының құрылысы» зертханасы
«ТЭ33А тепловозының құрылысы», “Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары” зертханасы


