Select Page

МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ОФИСІ

Шабденова Дария Рахималиевна

Менталды денсаулық офисінің жетекшісі

Шабденова Дария Рахималиевна

тел. 8 (707) 704 40 74
Email: shabdenova@alt.edu.kz

Ақпарат

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі «Silkway» халықаралық университетінің педагогика-психология мамандығы бойынша (6М010300) магистрі. 

  • 2022–2025 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттермен және түлектермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бойынша бөлімінің қызметінде психолог болып қызмет атқарды.
  • 2025 жылы М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі болып тағайындалды.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

«Инклюзивті білім беру», Алматы, 2021 ж.; «Медициналық білімі жоқ тұлғаларды дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге даярлау», 2021 ж.; «Жедел стресспен жұмыс істеу әдістері, EMDR хаттамасы», Ұлттық ассоциация, Ресей; «Оқиғалар керуені» Қазақстан онлайн-фестивалі, Мәскеу гештальт және психодрама институты, 2023 ж.; «Инклюзивті жоғары мектеп: ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге жайлы білім беру ортасын құру», «Білім сапа» оқу орталығы, 2023 ж.; «Университеттердің үшінші миссиясы және тұрақты даму» атты халықаралық конференция, Сәтбаев университеті, 2023 ж.; «Инклюзия жағдайында білім алушыларға психологиялық-педагогикалық және әдістемелік қолдау» курсы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 2024 ж.; «Медициналық психология: кеңес беру, психосоматика, психотерапия», Халықаралық ғылыми-зерттеу институты, Алматы, 2024 ж.; «Инклюзивті білім беру моделі», Грекия (Афин ұлттық Каподистр университеті, Ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім министрлігі, КИМЭП, Алматы), 2024 ж.; «Өмір — біздегі ең қымбат нәрсе» суицидтің алдын алу жобасы, «Сана» жастар қоғамдық бірлестігі, Алматы, 2024 ж.; «Суицидтік мінез-құлық қаупін диагностикалау және бағалау құралдары», С.Скляр психотерапия орталығы, Алматы, 2025 ж.;  «Жастар арасындағы ПӘҚ және алкогольге тәуелділіктің алдын алу» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар, 2025 ж.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БАҒЫТТАРЫ

  • 2019 ж. — Отбасылық қатынастар психологиясы мәселесін зерттеу аппараты. «Ғылым және білім: цифрлық трансформация және инновациялық білім беру технологиялары».
  • 2019 ж. — Жасөспірімдер арасындағы мотивация мен мазасыздықтың өзара байланысын зерттеу әдістемесі. «Ғылым және білім: цифрлық трансформация және инновациялық білім беру технологиялары».

 ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Г.Дәукеев ат.АЭЖБУ, ALMAU, КБТУ, СДУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, ALT университеті, АГА, Құрманғазы атындағы ҚҰК және басқа да ұйымдардың алғыс хаттарымен марапатталған.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ректордың Алғыс хатымен марапатталған.

Ғылым мен білім саласындағы еңбегі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін 15-тен астам алғыс хат алған.

Қызметтің мақсаты

ALT Университетінің Менталдық денсаулық офисі студенттердің эмоционалдық тұрақтылық дағдыларын қалыптастыруға, кәсіби және жеке өмірге дайындығын арттыруға бағытталған. Офистің жұмысы психикалық саулық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар, әкімшілік және ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.

Офистің миссиясы

Біз әрбір студент өзіне әсер ететін жеке немесе академиялық қиындықтар туралы ашық сөйлесе алатын қауіпсіз, құпия және қолдау көрсететін кеңістік ұсынамыз.
Көбіне жүгінілетін мәселелердің қатарына: қарым-қатынас қиындықтары, күйзеліс, мазасыздық, өзін-өзі бағалау мен қабылдау проблемалары, ішкі кернеу, үрейлі жағдайлар, тәуелділіктер және жалғыздық сезімі жатады.

 

Офистің негізігі міндеттері

  • Студенттердің жеке әлеуетін дамыту: танымдық қызығушылықтарын, қабілеттері мен өзін-өзі дамытуға мотивациясын арттыру;
  • Менталдық және физикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық бағдарламаларды ұйымдастыру, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін;
  • Студенттерге, профессорлық-оқытушылық құрамға және қызметкерлерге арналған жеке психологиялық кеңес беру;
  • Мүгедектігі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қолайлы жағдай жасауға қолдау көрсету;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау және студенттердің спорттық және сауықтыру іс-шараларына қатысуына ықпал ету.

Қызмет бағыттары

  1. Практикалық бағыт: студенттерге, оқытушыларға және ата-аналарға арналған жеке және топтық кеңес беру, профилактикалық және дамыту тренингтерін өткізу.
  2. Зерттеу бағыты: студенттердің менталдық денсаулығын зерттеу және нығайтуға бағытталған жобалар мен психодиагностикалық зерттеулер жүргізу.
  3. Білім беру-қолданбалы бағыт: оқытушылар мен қызметкерлердің психологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында семинарлар, тренингтер және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру.

Иклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі 2025-2026 оқу жылының
1 семестр бойынша консультациялар өткізу
КЕСТЕСІ

Жұмыс түрі

Уақыты

Өткізілетін орны

1

Мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білімалушыларға психологтың консультацияларын өткізу

Дүйсенбіден жұмаға дейін 09.30-дан 17.00-ге дейін

Coworking Ideas space

2

Ата-аналардың сұранысы бойынша психологтың консультацияларын өткізу

Дүйсенбіден жұмаға дейін 09.30-дан 17.00-ге дейін

3

Білімалушыларға психологтың консультацияларын өткізу

Дүйсенбіден жұмаға дейін 09.30-дан 17.00-ге дейін

4

Қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамға психологтың консультацияларын өткізу

Дүйсенбіден жұмаға дейін 09.30-дан 17.00-ге дейін

Психологқа кеңеске жазылу:

WhatsApp: 8(707) 704 40 74
email: d.shabdenova@alt.edu.kz

ALT студенттерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған алдағы тренингтер, семинарлар, топтық жұмыстар мен басқа да іс-шаралар туралы хабарландырулар жарияланатын Telegram арнасы.  https://t.me/+qdcwkIYwmPA3MTcy

Төтенше жағдайларда және жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
«Психологиялық денсаулық орталығы» Алматы қ. ҚДБ – 13-08 (тәулік бойы) тел.: +7 727 376 56 60, ұялы: +7 708 983 28 63
Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының бірыңғай анықтама қызметі – 3000-103 (тәулік бойы)
Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны – 150 (тәулік бойы) WhatsApp: +7 708 10 608 10 (тәулік бойы)
«111» call-орталығы – отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша (тәулік бойы)

Бізді қайдан табуға болады: COWORKING / IDEAS SPACE, 1-қабат, Шевченко 97

Skip to content
Приемная комиссия