Select Page

Ректор блогы

ALT UNIVERSITY-пен сұранысқа
ие мамандықтар әлеміне есік аш!

Құрметті достар!

ЖОО таңдау — бұл өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі! Дәл осы жерден болашақ мамандыққа, тұлғалық өсуге және шынайы табысқа жолбасталады.

Технологиялық өзгерістердің қарқынды жүріп жатқан қазіргі заманында тек диплом алу жеткіліксіз — заманауи дағдыларды меңгеру маңызды.

Бұл дағдылар сізге сұранысқа ие мамандықтардың есігін ашады.

ALT UNIVERSITY — бұл мансаптық өсуге, ертеңгі күнге деген сенімге және елдің дамуына белсенді қатысуға негіз болатын білім кеңістігі.

Бізді ерекше ететін не?

— Негізгі салалармен интеграция

Біз еліміздің көлік және инфрақұрылымдық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін мамандарды даярлаймыз.

Біздің студенттер теміржол, автомобиль, электр көлігі мен метрополитен, жолдар мен аэродромдар құрылысы, ғимараттар мен құрылыстар архитектурасы, радиоэлектроника, автоматтандырылған басқару жүйелері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, логистика және экономика сияқты негізгі бағыттар бойынша мамандықтарды меңгереді.

— Оқу үдерісіндегі заманауи технологиялар

Оқу процесіне цифрлық шешімдер, жасанды интеллект, автоматтандырылған жүйелер және орнықты тәсілдер енгізілген.

Бұл студенттерімізге тек білім алып қана қоймай, болашақтың технологияларымен бүгін жұмыс істеуге, орнықты даму үшін аса маңызды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

— Халықаралық серіктестік

Біз академиялық ұтқырлықты дамытамыз, шетелдік тағылымдамаларды, халықаралық жобалар мен стартаптарға қатысуды ұсынамыз.

Бұл тек білім алып қана қоймай, оны әлемнің түрлі елдерінде тәжірибеде

— Кәсіби табысқа бастайтын жол

Біздің түлектеріміз Қазақстанның жетекші компанияларында жұмыс істейді:

  • «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ
  • «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ
  • «KEGOC» АҚ
  • «Қазахтелеком» АҚ
  • «Қазақстан көлікшілер одағы «KAZLOGISTICS» және басқа да ірі ұйымдарда.

Біздің түлектеріміз — жаңа идеялардың иесі, орнықты дамудың қозғаушы күші және елдегі индустриялық өзгерістердің белсенді қатысушылары.

ALT UNIVERSITY-ге қосылыңыз!

Біз әр студенттің әлеуетіне сенеміз, идеяларды жүзеге асырып, мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін орта құрамыз.

Сіздің болашағыңыз дәл қазір, ALT UNIVERSITY-пен бірге басталады!

Ректорға сұрақ

13 + 11 =

Сондай-ақ, егер сіз пара алу немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністерінің бопсалау фактілеріне тап болсаңыз, сондай-ақ бұл мәселеге бей -жай қарамасаңыз, келесі сенім телефонына хабарласа аласыз:
+7 777 970 2255, сонымен қатар WhatsApp мессенджері мен Telegram арқылы !!! Анонимділікке кепілдік беріледі !!!

Skip to content
Приемная комиссия