«ALT University» денсаулық сақтау пункті

Жетекші
Әуелбек Назгүл Асылханқызы — жалпы тәжірибелік дәрігер
Email: nazgyl.assylkhan@mail.ru

Медбике
Адал Болатжанқызы
Email: adal_09082003a@mail.ru
ALT университетінің М. Тынышпаев атындағы студенттері «Nurlab medical clinic» медициналық орталығына тіркелген.
- Аталған емханада студенттерге медициналық қызметтер тегін көрсетіледі.
- Медициналық орталық жылына бір рет студенттерге міндетті флюорографиялық тексеру жүргізеді.
Университет кампусында аптасына 5 күн (9/5 режимінде) жұмыс істейтін медициналық кабинет ашылған.
Студенттер Университетке түскен айда медициналық сақтандыру картасын алады және сақтандыру туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Медициналық анықтамалар
Студент ауырған жағдайда Университет кампусындағы медициналық кабинет дәрігерлеріне жүгінуі қажет.
Дәрігер студентке анықтама ашады және оның жағдайын бақылайды.
Студент өз қалауымен қаланың басқа емханасында да бақылауда бола алады, алайда басқа емханадан алынған анықтама Университет кампусының дәрігерлері тарапынан расталуы тиіс.
Міндетті медициналық тексеру
Барлық жаңадан қабылданған студенттер міндетті медициналық тексеруден өтуі керек.
Бұл тексеру медициналық сақтандыру компаниясына ұсынылады және барлық шығындар Университет тарапынан өтеледі.
Аталған қызмет абитуриенттердің медициналық тексеруінен бөлек жүргізіледі.
Мекенжай Алматы қаласы, Массанчи көшесі 88/99, №4 студенттік жатақхананың 1-қабатының жанында, Университет аумағында орналасқан.
Жұмыс уақыты 09:00–17:00
Үзіліс: 13:00–14:00
Медициналық пункттің жұмыс телефоны +7 (707) 611 49 29
«Nurlab medical clinic» ЖШС
Мекенжайы: Рысқұлов көшесі 170а
Медициналық пунктте жұмыс істейтін қызметкерлер
- Дәрігер — терапевт
- Медбике
Медициналық пункттің бөлімдері
- Терапевтік бөлім
- Изолятор
Медициналық пунктте жүргізілетін шаралар
- Зардап шеккен студенттер мен қызметкерлерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі;
- Қажет болған жағдайда науқастар емхананың тар бейінді мамандарына және күндізгі стационарға жіберіледі;
- Студенттердің денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды (медициналық тексеру, вакцинация, флюорографиялық зерттеулер және т.б.);
- Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған санитарлық-гигиеналық және ағартушылық жұмыстарды жүзеге асырады.


