Select Page

«ALT» баскетбол клубы

Абеков Руслан

Жетекші

Сахибзадаев Сардар

Тел: +7 702 243 3450

«ALT» баскетбол клубы – университет білім алушыларының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуына, баскетбол спортын дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған студенттік спорттық клуб болып табылады.

Клубтың мақсаты

Клуб қызметі еріктілік, теңдік, әділ ойын (fair play), өзара құрмет және командалық рух қағидаттарына негізделеді.

Клубтың міндеттері

  • Университет студенттері арасында баскетболды насихаттау;
  • Жаттығу үдерісін кәсіби және жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • Командалық бірлік пен спорттық мәдениетті қалыптастыру;
  • Университетішілік, қалалық және республикалық жарыстарға қатысу;
  • Студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету;
  • Спорттық резерв қалыптастыру және дарынды спортшыларды қолдау.

Қызметінің негізгі бағыттары

  • Тұрақты оқу-жаттығу сабақтарын өткізу;
  • Іріктеу турнирлері мен жолдастық кездесулер ұйымдастыру;
  • Университет чемпионаттарын өткізу;
  • Қалалық және республикалық спорттық іс-шараларға қатысу;
  • Спорттық-сауықтыру және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Спорттық этика мен әділ ойын қағидаттарын насихаттау.

Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Құқықтары:

  • Жаттығулар мен жарыстарға қатысуға;
  • Университет атынан өнер көрсетуге;
  • Ұсыныстар енгізуге;
  • Спорттық инфрақұрылымды пайдалануға.

Міндеттері:

  • Осы Ережені сақтау;
  • Жаттығуларға тұрақты қатысу;
  • Спорттық этиканы және тәртіпті сақтау;
  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
  • Командалық бірлікті қолдау.

Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) сабақтастығы

«ALT» баскетбол клубының қызметі Тұрақты даму мақсаттарымен үндеседі:

ТДМ 3 – Сапалы денсаулық және әл-ауқат: дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру;

ТДМ 4 – Сапалы білім: спорт арқылы тұлғалық және көшбасшылық қабілеттерді дамыту;

ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту: студенттер үшін қолжетімді спорттық орта қалыптастыру;

ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар: әділ ойын және спорттық мәдениетті дамыту;

ТДМ 17 – Серіктестік арқылы мақсаттарға жету: спорт ұйымдарымен және серіктестермен ынтымақтастық орнату.

Skip to content
Приемная комиссия