ALT студенттер Альянсы

Жетекші
Рустембекова Дана
тел: 8 776 332 6235
«ALT студенттер Альянсы» студенттік клубы – университет білім алушыларының бастамаларын қолдауға, олардың әлеуметтік, академиялық және көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған ерікті студенттік бірлестік болып табылады.
Мақсаты
Студенттердің академиялық, әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және университет өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау.
Міндеттері
- Студенттердің бастамаларын қолдау және дамыту;
- Әлеуметтік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;
- Университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайтуға үлес қосу;
- Жастар арасында азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті қалыптастыру;
- Студенттердің өзін-өзі басқару мәдениетін дамыту;
- Қоғамдық ұйымдармен және серіктестермен ынтымақтастық орнату.
Қызметінің негізгі бағыттары
- Академиялық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастыру;
- Қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру;
- Көшбасшылық пен soft skills дамыту;
- Патриоттық және мәдени іс-шаралар өткізу;
- Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.
Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Құқықтары:
- Клуб жұмысына қатысуға;
- Ұсыныстар енгізуге;
- Жобалар бастамасын көтеруге;
- Ақпарат алуға.
Міндеттері:
- Осы Ережені сақтау;
- Клуб беделін қорғау;
- Іс-шараларға белсенді қатысу;
- Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) сабақтастығы
«ALT студенттер Альянсы» клубының қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ/ЦУР) үндеседі:
ТДМ 3 – Сапалы денсаулық және әл-ауқат: салауатты өмір салтын насихаттау, профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру;
ТДМ 4 – Сапалы білім: студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталған академиялық және зияткерлік жобалар;
ТДМ 5 – Гендерлік теңдік: тең мүмкіндіктер қағидатын сақтау;
ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: кәсіби бағдар беру, дағдыларды дамыту;
ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту: әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету;
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер: экологиялық және абаттандыру акциялары;
ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту;
ТДМ 17 – Серіктестік арқылы мақсаттарға жету: әлеуметтік серіктестік орнату және бірлескен жобаларды іске асыру.


