Select Page

«ALT volunteers» еріктілер клубы

Байжұман Кәусар Арманбекқызы

Жетекші

Байжұман Кәусар Арманбекқызы

тел: 87076227015

  1. Жалпы ережелер

1.1 Университет еріктілері– бұл жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған және қоғам игілігі үшін игі істер жасауға ынталы білім алушылар мен жастардың ерікті клубы.

  1. Волонтерлік (ерікті) қызметтің мақсаты:

2.1 Еріктілердің мақсаттары:

2.1.1 білім алушы жастарды дүниежүзілік ерікті қозғалысқа тартуға жағдай жасау, сондай-ақ өз елінің еріктілер қозғалысын жандандыру және дамыту;

2.1.2 әлеуметтік белсенділіктің әртүрлі түрлерімен танысу арқылы білім алушылардың дамуы және әлеуметтік өзін – өзі жүзеге асыруы, жастарды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту;

2.1.3 жастар ортасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау.

2.1.4 ерікті қызметке қатысу арқылы студенттердің әлеуметтік белсенділігі мен өзін-өзі көрсетуін дамыту.

2.2.1 Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі:

2.2.2 Университетте еріктілік идеяларын танымал ету;

2.2.3 әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: әртүрлі бағыттағы жастар акцияларын өткізу, ауланы абаттандыру, қайырымдылық акциялары және т. б.;

2.2.4 түрлі нысаналы топтармен профилактикалық жұмыстың тиімді тетіктерін, нысандары мен әдістерін әзірлеу және іске асыру;

3.1 Университет еріктілерінің қызметінің негізгі бағыттары:

білім алушылар арасында мейірімділік, әділдікті насихаттау;

– әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әлеуметтік орталықтармен және қызметтермен ынтымақтастық;

– еріктілердің мүгедек балалармен, жетімдермен, қарт адамдармен практикалық жұмысын ұйымдастыру;

– білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

  1. Еріктінің құқықтары мен міндеттері

4.1 ерікті өз қызметіне жауапкершілікпен қарауға міндетті.

4.2 өз жұмысында гуманизм және мейірімділік принциптерін басшылыққа алу.

4.3 халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына; балаларға, қарт адамдарға, мүгедектерге, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысу;

4.4 салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

4.5 жастардың ерікті еңбегін ұйымдастыруға бағытталған Жастар бастамаларын дамыту және қолдау;

4.6 Университетте әртүрлі деңгейдегі акциялар мен семинарларда, сондай-ақ басқа да волонтерлік іс-шараларды ұйымдастыру;

Приемная комиссия