«Домбра ART» клубы

Жетекші
Тажбенов Ернур Алтайулы
тел: +7 747 373 0565
«DOMBYRA ART» клубы – университет студенттерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттауға және домбыра аспабын кәсіби деңгейде меңгеруге бағытталған студенттік ұйым.
Мақсаты
- Қазақтың дәстүрлі өнеріне қызығушылықты арттыру;
- Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту;
- Домбыра тарту шеберлігін жетілдіру;
- Сахна мәдениетін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері
- Белгілі композиторлар және орындаушылармен кездесулер ұйымдастыру;
- Халық және заманауи күйлерді үйрету;
- Домбыраның техникалық әдіс-тәсілдерін меңгерту;
- Университеттік, қалалық, республикалық іс-шараларға қатысу;
- Жылдық жоспар құрып, оның орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтары
- Клуб басшылығына сайлану;
- Қажетті ақпарат алу;
- Университет аспаптары мен аудиторияларын пайдалану;
- Іс-шараларға дайындық кезінде сабақтан босатуды сұрау.
Жауапкершілігі
- Клуб ережелерін сақтау;
- Жоспарланған жұмыстарды уақытылы орындау;
- Қолданылатын аспаптардың сақталуына жауап беру.
Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастығы
Клуб қызметі ТДМ 4 – Сапалы білімге сәйкес келеді. «DOMBYRA ART» ұлттық мәдени мұраны насихаттай отырып, студенттердің шығармашылық, зияткерлік және кәсіби дамуына ықпал етеді.


