Select Page

«ULTIMATUM» би клубы

Мейрашева Зарина Абзаловна

Жетекші

Хамит Ақмаржан

Тел: +7 705 761 7027

«ULTIMATUM» – студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға және би өнеріне қызығушылықтарын арттыруға бағытталған студенттік клуб.

Мақсаты

  • Студенттердің дене және психикалық денсаулығын нығайту;
  • Би техникасы мен хореография негіздерін меңгеру;
  • Бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Университетте белсенді студенттер санын арттыру.

Негізгі міндеттері

  • Бастапқы және жүйелі би сабақтарын ұйымдастыру;
  • Мерекелік концерттер мен шығармашылық кештерге дайындық жүргізу;
  • Университеттік, қалалық және республикалық жобаларға қатысу;
  • Шығармашылық атмосфера қалыптастыру және клуб мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

Құқықтары

  • би дағдыларын дамытуға;
  • қажетті ақпарат алуға;
  • тәжірибе жинауға;
  • клубтың дамуына қатысты пікір білдіруге;
  • дайындығы бойынша жетекшінің шешіміне бағынуға құқылы.

Жауапкершілігі

  • Клуб ережелерін сақтау;
  • Жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау;
  • Материалдық және өндірістік мүліктің сақталуына жауап беру;
  • Қабылданған бағыттар мен принциптерді ұстану.

Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастығы

Клуб қызметі ТДМ 3 – Сапалы денсаулық және әл-ауқатқа сәйкес келеді. «ULTIMATUM» би клубы студенттердің физикалық және психикалық денсаулығын қолдап, белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия