Select Page

«Jaidarman club»

Әбдіқадырова Жанар Бөрібайқызы

Жетекші

Әбдіқадырова Жанар Бөрібайқызы

тел: +7 708 334 4539

«JAIDARMAN» – жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, толеранттылықты қалыптастыруға және үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге бағытталған студенттік клуб.

Мақсаты

  • Университетте Жайдарман қозғалысын дамыту және қолдау;
  • Жастарды белсенді қоғамдық өмірге тарту;
  • Студенттердің шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту;
  • Қоғамда белсенді өмірлік ұстаным мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.

Негізгі міндеттері

  • Жайдарманға қызығушылығы бар жастарды біріктіру;
  • Тәжірибелі жайдарманшылармен кездесулер ұйымдастыру;
  • Студенттерді қалалық, республикалық және халықаралық ойындарға қатыстыру;
  • Жастардың көркемдік-эстетикалық және шығармашылық дамуына жағдай жасау;
  • Клуб жұмысын университет басшылығы және студенттік үкіметпен үйлестіру.

Құқықтары

  • ерікті түрде клубқа мүше болуға;
  • түрлі ойындар мен фестивальдерге қатысуға;
  • клуб қызметіне қатысты ұсыныс айтуға;
  • қажетті ақпарат алуға;
  • дайындық кезінде реквизиттерді пайдалануға және іс-шаралар барысында сабақтан босатуды сұрауға құқылы.

Жауапкершілігі

  • Клуб ережелерін сақтау;
  • Жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау;
  • Материалдық құндылықтардың сақталуына жауап беру;
  • Қабылданған бағыттар мен қағидаларды ұстану.

Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастығы

Клуб қызметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты 4 – Сапалы біліммен байланысты.

Жайдарман клубы студенттердің шығармашылық, коммуникациялық және көшбасшылық дағдыларын дамытып, бейресми білім беру арқылы олардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия