«Толық адам» концепциясын орындау
Міндеттері:
Студенттерді Абай шығармашылығымен, оның ішінде Толық адам туралы ұстанымдарымен таныстыру. Абай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіріп жеткізу арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу.
Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық. Ізгілікке, ғылыми-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға, өз бетінше ізденуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
- Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.
- Поэзияны сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды.
- Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.
- Толық адамды үлгі тұтады, оған ұқсағылары келеді, алдарына мақсат қояды.
- Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.
- Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.
- Абайдың шығармаларын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.