ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ IV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ
Құрметті әріптестер!
Сізді және Сіздің әріптестеріңізді 2023 жылы 13 қазанда Алматы қаласы Логистика және Көлік Академиясының базасында өтетін «ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ БОЙЫНША IV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ» жұмысына қатысуға шақырамыз.
Форумды өткізудің негізгі міндеті қауіпсіздікті және сандық жүйеге көшіруді, тасымалдау процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, мүлкіне зиян келтіру жағдайларын болдырмау үшін тасымалдау процесінің операцияларын орындау кезінде ескерту шараларын әзірлеу жөніндегі маңызды мәселелерді талқылау алаңын қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Беларусь темір жолы» МБ, «Өзбекстан темір жолы» АҚ, «Қырғыз темір жолы «ұлттық компаниясы» МК, «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы, «Қазақстан Машинажасаушылар одағы» ЗТБ, «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша әріптестік» Қауымдастығы» ЗТБ, сонымен қатар ҚР, ТМД, АҚШ, ҚХР, Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияныңсалалық ЖОО, ҒЗИ, стейкхолдерлері мен жұмыс берушілері және көлік қауіпсіздігі мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету бөлігінде өзге де инженерлік-техникалық жүйелерді өндірушілердің қатысуы жоспарлануда.
Форум барысында келесі панельдік сессиялар жұмыс істейді:
- Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Теміржол саласын сандық трансформациялау;
- Инфрақұрылымды жаңғырту;
- Жүк вагондары, қызмет көрсету және болашағы;
- Локомотив паркінің жұмысы және сенімділігі. «БОРТ» қауіпсіздік аспаптарын қолдана отырып, тыйым салу сигналына өтуді алдын алу;
- Көлік ғылымын дамыту және көлік-логистика және коммуникация саласы үшін кадрлар даярлауды жетілдіру.
Форумға қатысу тегін.
Форум аясында көлік саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Көрмеге қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды. Жол жүру және тұру үшін ақы төлеу форумға қатысушылардың немесе жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.
Қатысу үшін сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет. Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Қатысушылар 2023 жылдың 29 қырқүйегіне дейін isc@alt.edu.kz поштасына міндетті түрде баяндама жіберу керек. Байланыс тұлғалары: Жайсан Иса, +7 775 984 23 85; Абдрахманова Жанаргүл, +7 707 744 20 95 (WhatsApp, Telegram).
ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 97, ЛКА, каб. 2609. Тел.: +7 (727) 346-10-74. E- mail: isc@alt.edu.kz.
Сіздің қатысуыңызға шын жүректен қуаныштымыз!
РЕКВИЗИТТЕР:
«Логистика және көлік академиясы» акционерлік қоғамы
050012 Алматы қ., Шевченко к-сі, 97
БИН 010740000551, КБЕ: 17
«Нұрбанк»АҚ шотының № KZ6184901KZ503555000
БИК NURSKZKX
ҚҚС 60001 сериясы №1218806 27.01.2021 ж.