«Көліктік қызметтер және бизнес» кафедрасының ассистент-профессоры Сугурова А.Ж 19.03.2025ж. сағат 13.00. «Көліктің экономикалық географиясы» пәні бойынша (Тұрақты даму мақсатының интеграциясы №17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» мақсатына сай «Халыққа қызмет көрсету географиясы» тақырыбына шеберлік сабақ өткізді.
ЭиМ-23-1, ТЛ-23-1,2, ЦЛ-23-1, УУО-23-1 тобының студенттері қызметтер түрлерінің ерекшелігіне қарай, 5 командаға бөлінді.
1. Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер
2. Көліктік қызметтер
3. Денсаулық сақтау қызметтері
4. Білім беру қызметтері
5. Қаржы және банктік қызметтер
Дәрістік сабақта осы аталған қызмет түрлерінің жедел қарқынмен дамуы, артықшылықтары, бірінің қызметін бірі толықтырып отыратындығы, серіктестігі, тұрақтылықты көздеу принциптеріне кеңінен көңіл бөлінді.