Студенттер арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында ДС-4 жатақханасында 1–4 курс студенттеріне арналған «Суицид және буллинг» тақырыбында дәріс-семинар өткізілді.
Іс-шараны Алматы қ. Медициналық денсаулық орталығының психологы Жетибаева Жұлдыз Серікпаевна жүргізді. Семинар барысында жастар арасындағы буллинг пен суицидалды мінез-құлықтың себептері мен салдары қарастырылып, деструктивті мінез-құлық белгілерін дер кезінде анықтау және студенттерге қолдау көрсету бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, студенттердің өзін-өзі қолдау дағдыларын дамытуға, стресс жағдайына төтеп беру қабілеттерін нығайтуға және құрмет пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің психологиялық саулығын нығайтуға, сондай-ақ университетте қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.




