2025 жылдың 25 желтоқсанында Тұрақты дамудың 4-інші мақсаты «Сапалы білім» шеңберінде «Жалпы инженерия» кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Физика» және «Математика» пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамыту, теориялық білімдерін тереңдету және пәнге деген қызығушылықты арттыру болды.
Іс-шараға «Көлік құрылысы», «Жылжымалы құрам инженериясы», «Машина жасау», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім бағдарламаларының белсенді студенттері қатысты. Олар күрделі есептер мен логикалық тапсырмаларды шешіп, өз білім деңгейлерін көрсетті.
Олимпиада барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және пәндік сауаттылықтарын көрсетті. Әділқазылар алқасы студенттердің жауаптарын бағалап, үздіктерді анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
Бұл олимпиада студенттердің ғылымға деген ынтасын оятып, болашақта түрлі ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатысуына жол ашатын маңызды қадам болды.


