Select Page

27–28 тамыз күндері ALT University-де 1-курс студенттеріне арналған Бейімдеу апталығы аясында «Ашық есіктер күні» ұйымдастырылды.

Бұл күндер университет табалдырығын алғаш аттаған студенттер үшін жаңа ортаға бейімделіп, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген маңызды кезең болды.

Іс-шара барысында студенттер университеттің құрылымы, білім беру үдерісі, мектептері, студенттік өмірі мен ішкі тәртібі туралы маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар университет ұсынатын мүмкіндіктермен, студенттерге көрсетілетін қолдау түрлерімен және оқу кезеңінде өздерін дамытуға арналған бағыттармен танысты.

Студенттерге университеттегі академиялық және қоғамдық мүмкіндіктер, студенттік ұйымдар мен клубтар, әлеуметтік және жастар жобалары туралы ақпарат беріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

ALT University – бұл тек білім алатын орын ғана емес. Бұл – жаңа достар табатын, өз идеяларыңды жүзеге асыратын, қабілеттеріңді шыңдайтын және болашаққа сенімді қадам жасайтын орта.

Ашық есіктер күні – алғашқы таныстық. Ал алда студенттік өмірдің ең қызықты сәттері, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктер күтіп тұр!

Skip to content
Приемная комиссия