2026 жылғы 29 сәуірде 1-курс студенттері үшін «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында постерлер байқауы өткізілді. Іс-шараның бастамашысы «Language Education» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Диана Абишева болды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4 — сапалы білім) жүзеге асыру аясында өтті. Оның негізгі мақсаты — студенттерде бірлік, төзімділік және әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыру болды.
Байқау аясында студенттер бейбітшілік, келісім және халықтар достығы идеяларын бейнелейтін постерлер ұсынды. Әр жұмыс өзіндік ерекшелігімен және мазмұндылығымен ерекшеленді.


