1-қыркүйек «Білім күніне» орай «Логистика және көлік Академиясы» АҚ-да салтанатты іс-шара өтті. Шараға 1500-ден аса студенттер, профессорлық оқытушылар құрамы және арнайы қонақтар қатысты.
Бірінші курс студенттері алдында университетіміздің Президент-Ректорі Амиргалиева С.Н., ақсақалдар кеңесінің мүшесі-Сәмбетов Қ.С., «Aravt» компаниясының бас директоры-Тулеушин Ш.А. құттықтау сөз сөйлеп, Академия табалдырығын жаңадан аттаған студенттерді құттықтады. Шара барысында ағымдағы жылы оқуға түскен студенттер арасында ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған Жанғалиев Мирасқа студенттік ID карта табысталды. Бұнымен қоса қабылдау комиссиясында еңбек еткен 36 белсенді студентке «Qazaq Republic» отандық брендінен сертификаттар пен Президент-Ректордің Алғыс хаттары берілді.
Білім күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада «Жеті шақырым» тобы сахнаға щығып, өз әндерімен қатысушылардың көңіл күйін көтерді.