12 қазан күні ALT University баскетбол құрамасы «ҚазҰУ» университетінің химия факультетінің спорт залында өткен «Алматы студенттік лигасында» DMUK (De Montfort University) университетінің құрамасымен кезекті ойынын өткізіп, тағы да жеңіске жетті! Ойын 39:33 есебімен ALT University құрамасының пайдасына аяқталды.
ALT University құрамасы өз ойынында сенімділікті сақтап, алаңның әр бөлігінде шоғырлану мен табандылық танытуды жалғастыруда. Бұл тек жеңіске жеткен матч емес — бұл біздің команданың өсуінің, еңбегінің және мінезінің айғағы.


