Select Page

13 наурызда М. Тынышпаев атындағы ALT University «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасының сениор-лекторы, психология магистрі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1 курс докторанты Қамбарқызы А. «Креативті серіктестік: бірлескен идеялар әлемді қалай өзгертеді» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл шара Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) №16: «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты – 1 курс магистранттарының бірлескен ойлау дағдыларын дамыту, күрделі мәселелерді талдау және стандарттан тыс шешімдерді табу қабілеттерін қалыптастыру болды. Тренинг барысында қатысушылар креативті серіктестіктің негізгі қағидаларын және тиімді өзара әрекеттесу стратегияларын үйреніп, алған білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, кейстік тапсырмаларды орындады. 

Тренинг магистранттардың жаһандық мәселелерге жауапкершілікпен қарауына ықпал ететін алаңға айналып, серіктестік, креативті ойлау және қиын жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектесті. Қатысушылар бұл іс-шара басқару және ынтымақтастық институттарына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, қоғамның тұрақты дамуы үшін инновациялық шешімдер іздеуге шабыттандырғанын атап өтті.

Приемная комиссия