15 желтоқсанда Логистика және көлік Академиясында «Тәуелсіздік – елімнің ер жолы» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға Академиямыздың оқытушылары мен студенттері қатысты. Мемлекеттік ту мен әнұранға құрмет көрсетілді. ЛжКА Президент – Ректоры Амиргалиева Салтанат Нұрадиловна құттықтау сөз сөйлеп, қазақ халқының тарихын, тәуелсіздік алудағы ащы және тікенді жол туралы еске алды. Сондай-ақ Президент-Ректор профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге ғылым және жоғары білім Министрлігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс етті. Ресми рәсім аяқталғаннан кейін көрермендерге академия студенттері дайындаған спектакль-мюзикл көрсетілді. Спектакльде студенттік клубтар қазақ халқының ситуациялық тәжірибесін көрсетіп, көрермендерді қатты таң қалдырды. Біздің тәуелсіздігіміз тұғырда болсын!