Select Page

ALT ALIANSY ұйымының белсенді студенттері 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай АМАНАТ қарттар үйіне арнайы барып, ақсақалдар мен әжелерге құрмет көрсетіп, ізгі ниет білдірді. Бұл — жай ғана бір күндік шара емес.

Бұл — үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәуелсіз елдің саналы, тәрбиелі жастарының жүректен шыққан шынайы ісі. Ақ батамен көмкерілген, жылы сөзге толы бұл кездесу жүректерге жылу сыйлап, ұрпақтар арасындағы алтын көпірді тағы бір мәрте нығайтты.

Тәуелсіздік — тек еркіндік емес. Ол — жауапкершілік, мейірім, адамгершілік пен елге деген сүйіспеншілік.

Skip to content
Приемная комиссия