8 сәуірде кітапхана-ақпарат орталығында 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 2-ші «Нөлдік аштық» индикаторына арналған іс-шара өтті. Оқушыларға кітап көрмесі қойылып, 2022 жылы жарық көрген режиссер Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» фильмінің көрсетілімі де ұйымдастырылды. Фильмнің сюжеті 1930 жылдардағы Қазақ АССР-ін шарпыған ашаршылық туралы баяндайды. Бір қызығы, фильмнің сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген. Бұл шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ата-баба өмірін, олардың басынан өткергендерін айтып, өздеріне қорытынды жасап, «Адамгершілікті», жақсылыққа деген ұмтылысты болашаққа жеткізу болды.