2023 жылдың 14 наурызында «Оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау әдістері мен құралдарын жобалау» семинар-тренингі өткізілді. Спикер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі А. Асылбекова сөз сөйледі.
Тренинг барысында келесі мәселелер қаралды:
- БББ салыстырмалы талдау: отандық және халықаралық тәжірибе.
- Құзыреттерді нақтылау негізінде бағдарламаны оқыту нәтижелерін тұжырымдау.
- Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері.
- Оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау әдістері мен құралдарын жобалау.
- Қалыптасқан құзыреттердің мазмұнын талдау.
Қазіргі уақытта академияның жаңартылған білім беру бағдарламаларын ҚР ҰӘҚ Ұлттық Жоғары білім беруді дамыту орталығының білім беру бағдарламаларының тізіліміне (ЕСУВО) жүктеу басталды.